10 Желт 2020
Мектеп өмірінен

Мектеп өмірінен


Мектеп тарихы  

1938 – 39 жылы осы жаққа 4 колхоздың ізі көшірілді. Олар: Тайсойған, Екпінді, Жеткіншек, Жамбыл. Жеткіншек бастауыш мектебі Ақкемер елді мекенінде жұмысын бастады. 1967 жылы геологиялық барлау жүргізіліп, халық санының көбеюіне байланысты мектепте оқитын оқушылар саны өсті. Сол себепті 7 жылдық мектеп болып өзгертілді.

Сол жылдары Қандық елді мекеніндегі Жамбыл бастауыш мектебі жабылып, оның аты осы ауылға көшірілді. Бұрынғы бастауыш мектеп үйіне үш сынып бөлмесі жалғастырылып салынды. 1967 жылдың 1 – қыркүйегінен жүмыс жасап, одан кейін 9 жылдық мектепке ауыстырылды. Мектептің алғашқы директорлығына Қазақстан халық ағарту ісінің озық қызметкері Жакиев Сағидолла бекітілді.

Мектептің алғашқы ашылған күнінен бастап, материалдық базасы нығайтылды және 1968 оқу жылынан бастап «Бау – бақша алаңы» ұйымдастырылды.

1990 – 1991 оқу жылдарында жаңа мектеп үйі салынып, 11 жылдық орта мектеп іске қосылды. Осы уақыттан бері 11 жылдық мектеп Ордасы болып жұмыс істеп келеді. 1993 жылы табиғи апаттың салдарынан мектепті су алып, оқу процесін жүргізу мүмкіндігі болмады. 2006 жылы бұрынғы мектеп үйінің материалдарымен, қазіргі оқу жүргізіліп отырған ғимарат іске қосылып жұмыс жүргізіліп келеді. Мектеп жанынан балабақша ашылып 2008 жылдан бері Жамбыл мектеп – балабақшасы болды.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар