Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облысы білім басқармасының Ойыл ауданы
білім бөлімінің «Жамбыл мектеп-балабақшасы» КММ

КГУ «Жамбулская школа- детский сад» отдела образования
Уилского района Управления образования Актюбинской области

МЕНЮ

Мақсаты:Ата-аналарды балалардың қауіпсіздігін сақтау жолдарымен таныстыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Күтілетін нәтиже:Ата-аналар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын түсінеді;

Үйде және қоғамдық орындарда қауіпсіздік ережелерін сақтау жолдарын меңгереді;

Мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс нығаяды.

Өткізілу формасы: Ашық әңгімелесу,презентация

Қатысушылар:Ата-аналар, әдіскер, мектеп медбикесі, тәрбиешілер

Өткізілу орны : физика кабинеті

Күні:25.04.2025ж.

Уақыты 10.30

Өту барысы:

І.Ұйымдастыру. Амандасу

Кіріспе сөз . Бүгінгі шараның мақсатын түсіндіру. Жұмажанова Г.

ІІ. «Баланың қауіпсіздігі -ортақ жауапкершілік»

https://youtu.be/yFyxvbAvK_g?si=FI6dDWZd5X9Arxr4

Назар аударатын негізгі қауіпсіздік ережелері:

1. Үй ішіндегі қауіпсіздік:

Электр розеткаларына қорғаныш қақпақтарын орнатыңыз;

Қайшы, ине, дәрі-дәрмек сияқты қауіпті заттарды баланың қолы жетпейтін жерге қойыңыз;

Ыстық су мен заттардан балаларды аулақ ұстаңыз.

2. Сыртқы ортада:

Баланы көлік жолына жақын жерде жалғыз қалдырмаңыз;

Ауладағы ойын алаңдарында үнемі қадағалаңыз;

Жол ережесін кішкентай кезінен үйретіңіз (мысалы, бағдаршам, жаяу жүргінші жолағы).

3. Судағы қауіпсіздік:

Бала суға толы ваннада, бассейнде немесе кез келген су көзінің маңында ересек адамның бақылауынсыз болмауы тиіс.

4. Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас:

Балаға бөтен адамдармен сөйлеспеу, олардың берген заты мен ұсынысын қабылдамау керектігін түсіндіріңіз.
« Сұрақ сізден, жауап-бізден» әдісі бойынша ата-аналар бір-біріне сұрақ қойып ойларын ортаға салады.

«Менің үмітім» жаттығуы Әр ата-анаға стикер таратылады.

Тапсырма: стикерге балабақшадан күтетін бір үмітін немесе тілегін жазып, арнайы тақтаға жапсыру

Қорытынды

Ұмытпаңыз! Баланың қауіпсіздігі – сіздің қамқорлығыңыз бен назарынзға тікелей байланысты. Оған күнделікті қарапайым ережелерді ойын түрінде үйрету — қауіптің алдын алудың ең тиімді жолы.

© 2025 Ақтөбе облысы білім басқармасының Ойыл ауданы
білім бөлімінің «Жамбыл мектеп-балабақшасы» КММ КГУ «Жамбулская школа- детский сад» отдела образования
Уилского района Управления образования Актюбинской области