Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облысы білім басқармасының Ойыл ауданы
білім бөлімінің «Жамбыл мектеп-балабақшасы» КММ

КГУ «Жамбулская школа- детский сад» отдела образования
Уилского района Управления образования Актюбинской области

МЕНЮ

Мақсаты:

Балалардың саусақ, алақан бұлшықеттерінің қозғалысын жетілдіру арқылы ұсақ қол моторикасын дамыту. Зейінін, қиялын, ойлау қабілетін, сөйлеу тілін және шығармашылық белсенділігін арттыру.

 

Міндеттері:

- Саусақ жаттығулары арқылы қол икемділігін дамыту.

- Түрлі ұсақ құралдармен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

- Баланың ойлау, сөйлеу және қимыл әрекетін үйлестіру.

- Шығармашылыққа баулу.

 

Көрнекіліктер мен құралдар:

Дамытушы құралдар

 

Сабақтың өту барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Балалармен сәлемдесу

- Көңіл күйді көтеру үшін қысқа әуен немесе қимылды ойын

ІІ. Кіріспе бөлім

- Тәрбиеші балаларға ұсақ моторика деген не екенін түсіндіреді.

- Қолдың шеберлігі мен мидың байланысы жайлы әңгіме жүргізіледі.

- "Қол өнері – ақыл өнері" деген мақалдың мәнін түсіндіру.

ІІІ. Негізгі бөлім

1. Саусақ жаттығулары (физ.минутка түрінде)

«Қоянның құлағы», «Алақанмен бұлт жасау», «Бақбақ гүлін ашу» жаттығулары

Әуенмен бірге орындалады

 

 

 

 

 

3. Ұсақ заттарды сұрыптау ойыны

Көкөністер мен жемістерді,жануарларды ажыратып,орындарына қою.

4. "Қиып-жапсыр" шығармашылық тапсырма

Қағаздан сурет қиып, жабыстыру арқылы бейне жасау

 

IV. Қорытынды бөлім

- Балалармен орындалған жұмыстарға шолу

- Кері байланыс: «Маған не ұнады? Не қиын болды?» сұрақтары

- Қимыл-қозғалыс ойын: «Кім жылдам?»

 

Күтілетін нәтиже:

- Балалардың ұсақ қол бұлшық еттері жетіледі

- Қол, көз үйлесімділігі артады

- Шығармашылық және зейін дағдылары дамиды

- Топпен жұмыс жасауға үйренеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

© 2025 Ақтөбе облысы білім басқармасының Ойыл ауданы
білім бөлімінің «Жамбыл мектеп-балабақшасы» КММ КГУ «Жамбулская школа- детский сад» отдела образования
Уилского района Управления образования Актюбинской области