1938-1939 жылы осы жаққа төрт колхоздың ізі көшірілді.Олар:Тайсойған,Екпінді,Жеткіншек,Жамбыл.
Жеткіншек бастауыш мектебі Ақкемер елді мекенінде жұмысын бастады.
1967жылы Геологиялықзерттеу жұмыстары жүргізіліп,халық санының көбеюіне байланысты мектепте оқитын оқушылар саны өсті.Сол себепті 7 жылдық мектеп болып өзгертілді.
Осы жылдары Қандық елдімекеніндегі Жамбыл бастауыш мектебі жабылып,оның аты осы ауылға көшірілді.
Бұрынғы бастауыш мектеп үйіне үш класс бөлмесі жалғастырылып салынды.
1967жылдың 1-қыркүйегінен жұмыс жасап,одан кейін 9жылдық мектепке ауыстырылды.Мектептің алғашқы директорлығына Қазақстан халық ағарту ісінің озық қызметкері Жакиев Сағидолла бекітілді.Мектептің алғашқы күнінен бастап материалдық базасы нығайтылды және 1968 оқу жылынан бастап «Бау-бақша » алаңы ұйымдастырылды.
1990-1991оқу жылында жаңа мектеп үйі салынып,он бір жылдық орта мектеп іске қосылды.Осы уақытан бері он бір жылдық мектеп Ордасы болып жұмыс істеп келеді.1993 жылы табиғи апаттың салдарынан мектептегі су алып,оқу процесін жүргізу мүмкіндігі болмады.
Мектептің атауы 2008 жылы 4қарашада Жамбыл мектеп –балабақшасы болып өзгертілді.2017 жылы 1 қыркүйекте жаңа типте 60 орынды ғимарат пайдалануға берілді.