Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облысы білім басқармасының Ойыл ауданы
білім бөлімінің «Жамбыл мектеп-балабақшасы» КММ

КГУ «Жамбулская школа- детский сад» отдела образования
Уилского района Управления образования Актюбинской области

МЕНЮ

Жамбыл мектеп-балабақшасында 2022-2023 оқу жылында рухани – адамгершілік тәрбиесін іске асыру бағытында жасалған жұмыстардың бірі ол діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары.  Жылдық жоспар бойыша насихаттаушы – ақпараттық топ құрамы құрылып, жылдық жұмыс жоспары бекітілді.  Жылдық жоспар бойынша «Терроризмге қарсы күрес туралы» заңымен ұжым таныстырылды.

Діни секталарға үгіттеуді шектеу мақсатында ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Діни ұйымдарға баратын отбасыларды анықтау  мақсатында   мақсатында диагностика жүргізілді.Мектеп ішіндегі оқушылардың киім кию ережесі туралы түсінік жұмыстары жүргізу, сақтау, қадағалау туралы жұмыстар жүргізілді. Бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында мектеп оқушыларын спорттық, мәдени үйірмелерге тарту жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді. Сонымен қатар 5-11 сынып оқушыларына діни экстермизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында сынып жетекшілері тәрбие сағаттарын ұйымдастырды.

             Жамбыл мектеп-балабақшасы бойынша «Рухани-адамгершілік және азаматтық патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру»  бағдарламасын басшылыққа ала отырып 2022-2023 оқу жылына арнап ақпараттық топ құрылды. Ақпараттық топтың 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары құрылып 1-11 сынып оқушыларын сыбайлас жемқорлықтың алдын –алу шараларына тарту мақсат етіп қойылды. Жоспар бойынша білім алушылардың ата-аналарымен заңсыз ақша жинауға жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізілді. «Жемқорлыққа жол жоқ» сурет көрмелері, тренингтер, сыныптан тыс шаралар, апталық жұмыстар, «Сенім жәшігі» мен «Сенім телефонының» жұмысы   жоспар бойынша уақытылы ұйымдастырылып отырылды.

              Білім алушы бойында рухани-адамгершілік тәрбиесін іске асыру мақсатында Жамбыл мектеп-балабақшасында «Қоғамға қызмет» волонтерлар клубы құрылды. Жауапты болып әлеуметтік педагог М.Шалабаев бекітілді. Құрамына орта, жоғары буын оқушыларынан ерікті түрде қосыламын деген оқушылар тіркелді. Негізгі мақсат мектеп оқушыларын білім ордасымен қатар ауыл ішінде өткізілетін шараларға ерікті түрде қатыстыру, мектептің, ауылдық дамуына, гүлденуіне үлес қосу.

                 Жамбыл мектеп-балабақшасында 2022-2023 оқу жылының І жарты жылдығы бойынша азаматтық – патриоттық тәрбиені іске асыру бойынша «Жас Ұлан» ұйымының жұмыс жоспары құрылып, жұмыстар жүргізілуде. 1 қыркүйек білім күңіне байланысты «Кел балалар оқылық!» атты салтанатты жиын өтті. Жиында 1 сынып оқушылармен белсенді ұландар және ауыл әкімі, ардагер ұстаздар қатысты.  1 сынып оқушыларына әліппе берілді. Ұландар  «Жас Ұлан» ұйымының жоспары құрылып, сол бойынша жұмыстар жүргізіледі. Ұланбасы тағайындалады және мүшелер сайланады. Ай-сайын отырыстар, мектепішілік апталық жиындар ұйымдастырылады. Ұландармен қырандардың күнделікті мектеп формалары, сабаққа кешікпей келуі тексеріліп тұрады. Сонымен қатар оқушылардың күнделіктер ай сайын тексеріледі.  16.09.2022 Салауат бағыты бойынша «Назар аудар бағдаршам» атты сайыс 5,6,7- сыныптар арасында ұйымдастырылды. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. 5 кезеңде бағаланды. Сайыс нәтежесі 6 сынып оқушылар алға шықты. Жеңіп шыққан команда марапаталып ынталандыру сыйлықтарымен марапаталды. Салауат бағыты бойынша қыздар апталығындағы  «Әдемі күл, сыпайы жүр» атты тренинг 5,6 сыныптың қыз балалары арасында ұйымдастырылды. Салауат бағыты бойынша ұстаздар күніне байланысты «Ұстаз болу бақыт, әрі абырой» атты ұландармен жұмыс қойған болатынмын. Ұландар ұстаз күніне концерт ұйымдастырып, ашық хаттарын табыстады. Ұстаздар өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Отан бағытын бойынша  «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» тақырыбында қарттар күніне байланыс ауыл клубында концерт ұйымдастырылды. Ауылмыздың қарттары түгел шақырылды. Қарттарға ұландар арнау айтып, би билеп, ән айтып көңілдерін көтерді. Құттықтау сөздер айтып, сыйлықтар таратылды. Салауат бағыты бойынша «Денсаулық зор байлық!» спорттық сайыс өтті. 19-23.2022 Экоәлем бағыты бойынша «Күз береке –күз мерекем» атты апталық жұмыстар жүргізілді. Апталық жұмысында «Күз ханшайымы, күз ханзада» күзгі балл ұйымдастырылды. 7,8,9,10- сынып оқушылар қатысты. Жеті жарғы бағыты бойынша «Сыйбайлас жемқорлыққа жол жоқ»  тақырыбында сыныптан тыс шара ұландармен өтті. Салауат бағыты бойынша «Құқық бұзушылықты алдын алу» 7-10 сыныптар арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды.  Тәуелсіздіктің 30 жылдығына айлық 30 шара қойылған болатын соның бір шарасы «Тәуелсіз елдің ұландар» атты сайыс 7,8,9,10 сынып оқушылар арасында ұйымдастырылды. Сайыс әр түрлі бағыт бойынша өтті. . 

Зерде бағыты бойынша «Тәуелсіз ел ұланы, болашаққа үн қосқан»  «ЖасҰлан» ұйымына салтанатты қабылдау жиын өтті. Жиында «Жасұлан» антты қабылданды. Ұландарға галстук төс белгі, қырандар төсбелгі тағылды. «ЖасҰлан» ұйымына 7оқушы, «ЖасҚыранға» 6 оқушы қабылданды. Төс белгілер мен галстук тағу үшін мектеп директор және ұстаздар шақырылды.      

             Азаматтық –патриоттық тәрбиені жоспарлау мақсатындағы жұмыстың бірі ол «Жас сарбаз» клубы.  «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының жылдық  жұмыс жоспары 8-10 сынып оқушыларына арналып жасалған. Жоспарлау уақытында оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып, тақырыптар таңдалған. Қазіргі кездегі тәрбиенің бір бағыты  ол – патриоттық тәрбие. Оқушыларды Отансүйгіштікке баулу, барлық буындағы ең өзекті мәселе.  Оның ішінде патриоттық тәрбиенің әскери саламен байланыстыру балалар үшін өте қызықты тақырып болмақ. Клубтың негізгі мақсаты оқушылар арасында әскери мамандықты кеңінен насихаттау,  елдің тарихын ұғындыру, батырлар өмірімен таныстыру, Қазақстанның армиясымен  таныстыру, жаныңдағы адамдардың жақсылығын бағалау алу, қоғамдағы өз орныңді білу.  Тақырып барысында түрлі деңгейдегі сайыстар ұйымдастырылған.

      Жамбыл мектеп-балабақшасында 2022-2023 оқу жылында көркем-эстетикалық тәрбиені іске асыру мақсатында көптеген жұмыстар жүргізілді. Атап айтсақ «Қыз Жібек» қыз балалар клубының жұмысы. «Қыз Жібек » қыз балалар клубы мектебіміздегі қыздармен жұмыс жүргізетін клубтың бірі. Жетекшісі болып Г.Нұрғалиева бекітілді.  Жылдық жоспар құрылып, жұмыстары уақытылы жүргізіліп отырылды. Жоспар бойынша оқу жылының басында алғашқы отырыс ұйымдастырылды. Мұнда қыздар жетекшімен бірге жылдық жоспарды талқылап, бекітуге ұсынады. Клубқа жаңадан қосылған қыздарға бойжеткен  ережелерімен  таныстырылды.   Жыл бойы жоспар бойынша барлық жұмыстар өткізіліп, жылдық отырыстар болып хаттамалары жазылды. Жамбыл мектеп-балабақшасы бойынша ұлттық дәстүрлі, мәдениетті, жалпы адамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысының бірі ретінде ақылы түрде жүргізілетін «Домбыра »  үйірмесінің жұмысы. Мұнда оқушылар 2 топ бойынша домбыра бағыты бойынша өздерінің өнерлерін шыңдап, бос уақыттарын тиімді өткізіп, түрлі деңгейдегі конкурстарға қатысып отырды. Үйірме жұмыстары арқылы мектепішілік түрлі байлаулар, тренингтер, ән шерулер ұйымдастырылып отырылды.

         Бұл бағыттағы келесі бір жұмыстың бірі ол аналармен жұмыс.  Мектебімізде «Ана» аналар клубы өз жұмысын бастады. Құрамы сайланып, жылдық жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Мектебіміздің аналары мектепішілік барлық шаралардың басы-қасында жүреді. Жоспар бойынша іс-шаралармен қатар, жоспардан тыс сынып жетекшілердің жоспары бойынша, басқа да тәрбие саласы мамандарының жоспары бойынша барлық жұмыстарға белсенді қатысушылар. «Ана мен бала, ұстаз» арасындағы бірлескен жұмыстар жақсы нәтиже беруді. Аналар мектебінің құрамы жылына 3 рет отырыс өткізіп, қатысқан шараларға талдау жасайды. Сонымен қатар аналар мектебімінің құрамы  мектеп оқушыларының мектеп формасын сақтауына, салауатты салтын сақтауды насихаттауға, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатындағы жұмыстарға белсене қатысып өз пікірлерін білдіріп отырады. Оқу жылында санитарлық талаптарды сақтау барысында мектеп ішіндегі кейбір шараларға ата-аналар шақырылмады, бірақ жұмыстар онлайн  және оффлаин форматында  да үнемі ұйымдастырылып отырылды.

        Жамбыл мектеп-балабақшасында 2022-2023 оқу жылында «Ұшқыр ой» дебат клубы құрылды. Клубқа  8-11 сынып оқушылары қабылданды. Жетекшісі болып көркем еңбек пәні мұғалімі Шалабаев. Мереке бекітілді. Жылдық жоспар құрылып, оқушылармен жұмыстар жүргізілуде. Жетекші мен оқушылар мектепішілік дебат клубымен қатар аудандық дебат клубының жұмыстарына белсене қатысуда. Оқушылардың аудандық дебат клубының жұмыстарына қатысу, сөз сөйлеу арқылы өздерінің білімдерін толықтыруда.

          Жамбыл мектеп-балабақшасында 2022-2023 оқу жылында еңбек және дене тәрбиесін  іске асыру мақсатында төмендегі жұмыстар ұйымдастырылды. Мектеп оқушыларының бос уақыттарын тиімді пайдалану, каникул уақытында  оқушыларының бос жүрмей тиімді іс-әрекетпен айналысуын қамтамасыз ету мақсатында ақысыз  спорт үйірмелері ашылды.  Оқушылар уақыты спорт үйірмелеріне қатысып отырды.

  Өткізілген іс-шаралар уақыты Жамбыл мектеп-балабақшасының инстграмм әлеуметтік желісінде 2019 жылдың мамыр айынан бастап жарияланып келеді. Әлеуметтік парақша атауы:zһambyl_akkemer

© 2024 Ақтөбе облысы білім басқармасының Ойыл ауданы
білім бөлімінің «Жамбыл мектеп-балабақшасы» КММ КГУ «Жамбулская школа- детский сад» отдела образования
Уилского района Управления образования Актюбинской области